Елорда мешіттерінде Жамбыл облысында қаза болғандардың рухына арнап Құран хатым дұғасы оқылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты барлық мешітте Құран хатым дұғасы оқылды. Жарылыс кезінде қаза тапқандарды Алла өз рахымына алсын деп дұға тілейміз. Олардың артында қалған бала-шаға, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Елімізде тыныштық болсын, мұндай төтенше жағдайлар қайталанбасын деп тілейміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде дініміздің, ұлтымыздың әртүрлі екендігіне қарамастан бірлігімізді көрсетіп жатырмыз. Біздің еліміздің құндылығы да осы», – деді «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нұрлан Қайырбеков.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы барлық проваславие шіркеуінде де қайғылы жағдайдан қайтыс болғандарды ерекше еске алу ғибадаттары жасалып, дұға оқылды. Елордадағы Александр Невский храмына жиналғандар Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылардың жақындарына сабыр мен шыдам тіледі.
Ұқсас жаңалықтар