Қорғаныс министрі отставкаға кетуге шешім қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қорғаныс министрі отставкаға кетуге шешім қабылдады
ашық дереккөз

Кеше кешке Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болғаны мәлім. Ал бүгін билік жарылыстан 4 адам қаза тауып, 60-тан астам адам зардап шеккенін, сондай-ақ бірнеше кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Осыған байланысты тілшілердің сұрағына жауап берген министр өзінің отставкаға кететіні туралы өтініш беретінін жеткізді.