Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Атап айтқанда, өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты. Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы құрамында болды. Олар жарылыс жанында жүріп, ауыр жарақаттанған. Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Ол қызметтік міндеттерін атқару барысында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.
«Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады» делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар