Спорт пен мәдениетке бөлінген мемлекеттік бюджет жеті жылдан бері тұңғыш рет қысқарды
Аталмыш салаға бағытталған қаржы көлемінің азаюы жеті жылдан бері тұңғыш рет байқалып отыр. Спорт, туризм, мәдениет және ақпараттық кеңістік үшін бөлінген жергілікті бюджетке келсек, мұнда да жоғарыдағыға ұқсас құбылыс бар. Биыл сектор үлесі жалпы шығын көлемінің 4,3%-ын құраса, былтыр ол көрсеткіш 5% болған. Жарты жыл ішінде жергілікті бюджеттерден 153,9 млрд теңге, яғни былтырға қарағанда 5,2%-ға азырақ бөлінді. Өңірлерге шақсақ, шығынның ең көп көлемі Түркістан облысының бюджетіне тиеді: онда биыл былтырға қарағанда 28,5% көбірек шығын кеткен. Саладағы шығыны жөнінен көшбасшылар қатарында Қарағанды облысы (14,2 млрд тг, бір жылда 11%-ға азайған) және Алматы қаласы (11,7 млрд теңге, бір жылда 25,1%-ға артқан) тұр. Осы үш өңір республика бойынша жергілікті юджет шығындарының 28,1%-ын құрайды. Мәдениет және спорт министрлігінің есебіне сүйенсек, 2020 жылы республикалық бюджеттен 108,8 млрд тг жұмсалған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,9%-ға көп. Аталмыш соманың 27,9%-ы немесе 30,3 млрд тг жоғары жетістіктер әкелетін спортты дамытуға бағытталған, оның ішінде 10,9 млрд тг-ні Ұлттық олимпиада комитетінің шығындары құраған. Одан бөлек, 8,8%-ы, яғни 9,6 млрд тг спортта дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге кеткен, бұл соманың жартысына жуығы спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі қаржы шығынын қамтыған. Бұқаралық спортты дамытуды және ұлттық спорт түрлерін қолдауға небәрі 0,4%-ы немесе 426,5 млн тг арналыпты.