1 маусым күні елордада бұқаралық велошеру өтеді
30 мамыр, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астанада 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: сағат 08:00-де. Тіркелу тегін.
Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Веложарысқа әр қатысушы өз велосипедімен жіберіледі. Алайда шлемнің болуы міндеттеледі.
Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:18
Астаналық мектептерде балалардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Бүгін, 08:51
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады
21 қараша, 2024
Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
21 қараша, 2024
Елордада «Наз» мемлекеттік би театрына арналған кітаптың тұсаукесері өтті