00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері ел экономикасы 4,2 %-ға өсті

12 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері ел экономикасы 4,2 %-ға өсті
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Elorda.info Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі:

  • Нақты сектор – 5,1%
  • Қызмет көрсету саласы – 3,5%
  • Ең жоғары өсім: 
  • Құрылыс 
  •  Көлік және қоймалау 
  • Ақпарат және байланыс 
  • Өңдеу өнеркәсібі

Инвестициялар:

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады
  • Білім – 56%
  • Көлік және қоймалау – 47%
  • Құрылыс – 2,7 есе
  • Ақпарат және байланыс – 45%
  • Өңдеу өнеркәсібі – 37%
  • Ауыл шаруашылығы – 12%

Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер:

Астана қаласы, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облысбарында тіркелді. 

 Сыртқы сауда

Алдын ала қорытынды бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында сыртқы сауда айналымы 10 млрд. құрады.

▪️ Экспорт – $6 млрд.

▪️ Өңделген тауарлардың экспорты – $1,6 млрд.

▪️ Импорт – $4 млрд.

Өңдеу өнеркәсібі жедел өсу қарқынын көрсетуде.

  • Өндіріс көлемі 7,4%-ға өсті. Оң өсім 16 өңірде тіркелді
  • Ең жоғары көрсеткіштер:
  • Ақтөбе, ШҚО, БҚО Қызылорда облыстарында байқалды.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша көрсеткіштер:

▪️Машина жасау – 23%

▪️Металлургия – 11%

▪️Химия өнеркәсібі – 25%

▪️Металл бұйымдары – 24%

▪️Жеңіл өнеркәсіп – 2,3%

▪️Жиһаз – 23%

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 1,9%-ға өсті.

  • Металл кендерін өндіру – 7,2%
  • Газ – 1,2%
  • Өзге де пайдалы қазбалар – 2,9%
  • Мұнай – 0,4% 
  • Көмір өндіру – 4,1%-ға төмендеді

 Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7%-ға артты. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда  2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға төмен.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 1,3%-ға өсті

Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 7 өңірде байқалады:

Олар, Қызылорда облысы БҚО, СҚО, Түркістан облысы, ШҚО, Абай облысы мен Астана қаласы

2024 жылы экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін қосымша резервтер:

  • Қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді іске қосу
  • Экономика секторларына жеке инвестициялар тарту
  • Экспорттаушылардың сұраныстарына жедел ден қою, шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау
  • Тұтыну бағасының өсуін тежеу, көктемгі егіс жұмыстарының дайындығына кешенді қолдау көрсету
  • Бюджеттік инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру