00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды

4 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңгеден астам бюджеттік несие ала алады. Бұл туралы Elorda.info Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда.

Аталған бағдарламаға мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру  және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке дейін бюджеттік кредит беру сияқты әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған, - деді министрліктің баспасөз қызметі. 

2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд. теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды. 45 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредиттер алды.

Биыл 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд. теңге қарастырылып отыр. 

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.

Биыл әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.