Шымкентте 100 млн теңге заңсыз табыс тапқан майнерлер ұсталды
24 мамыр, 2024
Торғын Аман
Фото: МВД РК
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкенттегі заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлады Elorda.info.
Бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырып, 100 млн теңгеден астам аса заңсыз кіріс тапқан.
«Тергеу барысында мыңнан астам ASIC-терден тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ҚМА хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді