00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алатын болды

15 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алатын болды
фото: ашық дереккөзден

Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Ұлттық Банкке  Ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.

«Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық Банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті», - делінген Ұлттық Банк таратқан хабарламада.

Сонымен бiрге нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық Банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, осы жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк 4 ай ішінде 970 млн АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

Бұл шара валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара болып табылады.

Валюта нарығындағы сату көлемі Ұлттық Банктің статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланатын болады. Транспаренттілік және ашықтық қағидаты аясында Ұлттық Банк валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты жариялауды жалғастырады.