00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

12 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Оңалхан Өнерхан

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,25% дейін, яғни 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келеді. Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі жоғары мәндерден кейін төмендеді. Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру мен тұтынушылық кредиттеу қолдайтын тұрақты ішкі сұраныстың, сондай-ақ жалғасып жатқан реттелетін бағалар реформасының салдарынан инфляциялық қысым сақталуда.

«Ұлттық Банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргетке жақындау траекториясын бақылайтын болады. Алдағы тамыз айында болатын болжамды раунд аясында фискалдық саясаттың параметрлерін қоса алғандағы қалыптасатын тәуекелдер балансы, сондай-ақ бағамдық фактордың салдарынан ақша-кредит шарттарының жұмсару әсері бағаланады. Баға өсуінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады», - делінген хабарламада.

Маусымда айлық инфляция 0,4%-ға дейін баяулап, орташа тарихи мәндерден төмен (0,5%) қалыптасты. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляцияның көрсеткіштері алдыңғы айлардағы төмендеуден кейін маусымда аздап өсті. Баға өсімінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 29 тамызда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.