Катарлық холдинг Қызылордада бу-газ электр станциясын салады


Qatar UCC Holding Қашағандағы екі газ өңдеу зауыты мен екі газ құбырынан басқа, Қызылордада қуаттылығы 1 ГВт бу-газ электр станциясын салады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Нефть и газ Казахстана» Telegram арнасына сілтеме жасап.
25 ақпанда UCC Holding және «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының еншілес ұйымы «Samruk Energy» арасында Қызылордада қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясы жобасы бойынша Акционерлер келісіміне қол қойылды.
Бұл туралы бір жыл бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Катарға мемлекеттік сапары кезінде келісім жасалған болатын. Сапар қорытындысы бойынша екі газ өңдеу зауытының, КС-14 компрессорлық станциясының және «КС-14-Қостанай т» газ құбырының, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші тармағының және электр станциясының құрылысы жобалары бойынша бірнеше ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.