Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады
Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға өскен, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3%-ға артты.
Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:
Ақтөбе қаласында – 25,4%;
Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.
Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:
Қызылорда қаласы (37,8%);
Ақтау қаласы (32,6%);
Семей қаласы (31,6%);
Қостанай қаласы (29,2%);
Өскемен қаласы (24,7%).
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:
Көкшетау қаласы (51,1%);
Петропавл қаласы (48%);
Алматы қаласы (45,4%);
Қостанай қаласы (45%).
Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2%-ға өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7%-ға төмендеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.