Елімізде ұн өндірісі 3,7% өсті
26 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Elordainfo
2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық, деп хабарлады Elorda.info.
Импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.
Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.
Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді