00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елде шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елде шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті
Фото: freepik

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 11 айында барлығы 87,6 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген.

Осылайша өндіріс өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті.

Айта кетейік, импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы биылғы 10 айда 52,8% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 155,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі сатылды. Бұл ретте экспортқа 30 мың тонна тәтті өнім жөнелтілді.