Доллардың құны тағы өсті
4 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 2,94 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 459, 52 теңгені болды.
Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 456,39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,74 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 459,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 461 теңге.
Ал Астана қаласында сату – 459 теңге, сатып алу – 462 теңге.
Ресей рублі 4,70 – 4,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді