Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

1 ақпан, 2025
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық банктің 1 ақпанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,5 теңге. Еуро 537,6 — 541,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,2 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.