00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Бүгін, 12:40
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 – 527 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ұлттық банктің 24 қаңтарға ұсынған ресми бағамы - 1 долларға 522,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,28 теңге. Еуро - 543,89. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 525,5 теңге. Еуро 542-547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 523 теңге, сатып алу құны - 526 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 қаңтарда, яғни кеше 1 АҚШ доллары – 520,91 теңге, еуро – 544,25 теңге, рубль – 5,29 теңге деңгейінде бекітілген болатын.