Қазақстан темір жолы арқылы тасымалданатын жүктер транзиті артты
12 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Осы жылдың бірінші тоқсанында жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес көрсеткішіне қарағанда 35% ұлғайды және 7,2 млн тоннаны құраса, оның ішінде контейнерлік тасымал өсімі 19% артып, 313 мың ЖФЭ-ге жетті, деп хабарлады Elorda.info.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк ағынын ұлғайту және контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Компанияның Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша қабылдаған шаралары 2022 жылы елдің транзиттегі тарихи максимумы 23,2 млн тоннаға қол жеткізуге және контейнерлік транзиттің рекордтық көрсеткіші 1 129 мың
ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2023 жылы осы көрсеткіштердің оң қарқыны сақталып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді