Ақша айырбастау орындарында доллар 443-448 теңгеден сатылып жатыр
31 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: afk.kz
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443- 448 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443– 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 448 теңге аралығында құбылып тұр.
30 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 61 теңгеге қымбаттап, 447,12 теңге болған.
Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,53 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,3 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,45 - 5,55 теңгеден сатылуда.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді