Доллар бағамы 6 теңгеге тағы төмендеді
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды.
Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы – 455,00 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді