Қазақстанда пияз экспортына тыйым алынып тасталады
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым қайта алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды Қазақстаннан әкетуге тыйым салуды 28 сәуірге дейін тоқтата тұруды жоспарлап отыр.
Талқылау 29 наурызға дейін жалғасады.
Бұған дейін сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пиязды Қазақстаннан жаппай әкетуге жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді