00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Микроқаржы ұйымдарына қарызға батқандар мәселесін сотсыз-ақ шеше алады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Микроқаржы ұйымдарына қарызға батқандар мәселесін сотсыз-ақ шеше алады

Оңай әрі жылдам ақша алып, бірнеше айлап қарызын төлемей жүргендер микроқаржы ұйымдарымен арадағы дауды сотқа бармай-ақ шеше алады, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, ол үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын арнайы орталық бар. Берешекке белшесінен батқан ел тұрғыны сол жерден тегін кеңес алып, мәселесіне нүкте қоя алады. Яғни, борышкерге төлемді кейінге қалдыруға немесе қарызды төлеу үшін жаңа кесте алуға мүмкіндік туады.

Микроқаржы ұйымдары клиентпен кездесуден бас тартса, өтінішіне мүлдем жауап бермесе, қорлап, әдепсіздік танытса да осы орталыққа арыздануға толық құқылы.