00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Республикалық бюджет шығыстары 1,5 трлн теңгеге ұлғайтылмақ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық бюджет шығыстары 1,5 трлн теңгеге ұлғайтылмақ

Биыл республикалық бюджет шығыстары 1,5 трлн теңгеге ұлғайтылмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен қыркүйек айындағы Жолдауын қамтамасыз ету бойынша Үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2023 жылға арналған бюджет параметрлерін нақтылау ұсынылады. Бұл ретте 2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері бекітілген жоспардан 720 млрд теңгеге өсіммен ЖІӨ-ге 12,1 пайыз деңгейін құрайды. Республикалық бюджетке түсетін қосымша түсімдер кіріс базасын кеңейту, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру бойынша Үкімет қабылдап отырған іс-шаралар есебінен қамтамасыз етіледі, - деді вице-министр «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын таныстыра келеді.

Азамат Әмриннің дерегінше, бюджет кірістерінің негізгі өсімі биыл бір жолғы түсімдер есебінен 316 млрд теңге сомасында күтіледі. Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен 404 млрд теңгеге ұлғаюы күтіледі. Мұнан басқа биыл пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары ұлғайтылды. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық әкімшілендіру күшейтілетін болады.

Сондай-ақ ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде нысаны трансфертті қосымша тарту ұсынылады. Бюджет тапшылығын 3,2 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,7 пайыз деңгейінде сақтау ұсынылып отыр. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстарын бекітілген көлемі 1,5 трлн теңгеге ұлғайтылып, 22,5 трлн теңгені құрайды, - деді ол.