Елімізде пияз бағасы 105 пайызға қымбаттады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3% құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сонымен қатар жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.
2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2% қымбаттаған.
Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді