00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр жалпы ішкі өнімнің индексі 103,2% болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр жалпы ішкі өнімнің индексі 103,2% болды

Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2%-ды құрады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Ең үлкен өсімді құрылыс – 9,4%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%, көлік және қоймалау – 3,9% және өңдеу өнеркәсібі – 3,4%-ды көрсетті.