00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады

Осы аптада өңірлерде Премьер-министрдің тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар резервінен әлеуметтік көкөніс қорларына броньды алып тастау басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар көкөніс қорларына броньды алып тастау схемасы ұсынылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтқандай, осы аптада өңірлік комиссиялар, бірінші кезекте пиязға, одан кейін сәбіз, картоп, қырыққабат бойынша, көлемдерін, бағасын, шарттары мен сауда нүктелерін айқындай отырып, тауарлық интервенцияларды өткізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бақылау-кассалық аппараттарды пайдалану міндетті болуы қажет. Тауар интервенцияларының ұзақтығы – ақпаннан сәуірге дейін. Негізгі шарттардың бірі – бөлшек сауда бағасы қол қойылған келісімшарттар шеңберінде болуы керек.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов жариялаған әкімдіктердің нақтыланған деректеріне сәйкес, ел бойынша пияз қорының деңгейі 130%, картоп 118%, сәбіз 103%, қырыққабат 74%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерге сатып алу үшін ұсынған қорлардың деңгейі маусымаралық қажеттіліктен есептелгенін атап өту маңызды, бұл қала халқының 4 айлық тұтынуының 30%-ын құрайды. Осылайша, аймақтар көкөністердің қорларын брондауды бастай алады.

Премьер-министр негізгі азық-түлік бағасына қатысты жағдайды тұрақтандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Үкіметтің ұсыныстары бар, ең бастысы – тәртіп пен орындау талап етілуде. Қырыққабат бойынша өз қорларын әлі қамтамасыз етпеген аймақтар үшін Қырғызстанда арзан бағамен келісімшарт жасауды ұсынамын, біз “Qaztrade” АҚ арқылы қолдау көрсете аламыз. Осы уақытта көкөніс қорларын брондауды дереу бастаңыздар, — деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.