Қазақстанда пиязды экспорттауға тыйым салынды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
28 қаңтардан бастап Қазақстаннан пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді, деп хабарлады Elorda.info.
Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу енгізілсін, – делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.
Айта кетейік, 17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді