Қазақстанда әскердегі сарбаздар несие бойынша 2,2 миллиард теңге қарыз
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Елімізде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 7 мыңға жуық сарбаздың несие бойынша қарызы 2,2 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
1,2 мың сарбаз микроқаржы ұйымдарына 230 миллион теңге қарыз екен.
Банк пен микроқаржы ұйымдарына 2 миллиард 265 миллион теңге қарызы бар 6,9 мың адам анықталды. Олардың ішінде 2,4 мың адамның қарыз мерзімі 90 күннен асып кеткен, жалпы сомасы 872 миллион теңге. Соның қатарында банкке 1,5 мың адам 643 миллион теңге, микроқаржы ұйымдарына 1,2 мың адам 230 миллион теңге қарыз, – деді Мәжіліс депутаттарына жауап берген Смайлов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді