Елімізде бір жылда жүк тасымалы 3 пайызға азайды
Биылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойыншакөлік компаниялары 3,1 млрд тонна жүк пен багаж тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% аз, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Жүк тасымалының ең көп көлемі Қарағанды облысына тиесілі: 592,7 млн тонна. Үздік үштікке Абай (449,4 млн тонна) және Қостанай (241,8 млн тонна) облыстары да кірді.
Ең төменгі көрсеткіштер жаңадан құрылған Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында тіркелді.
Жүк тасымалдау көлемінің 81,4%-ы автокөлік үлесіне тиді: жыл басынан бері 2,5 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды — бір жыл бұрынғыдан 3,7% аз.
Жүк тасымалынан түскен кірісі бір жыл ішінде құндық мәнде 16,3%-ға ұлғайып, 2,7 трлн теңгені құрады.
Әуе көлігінен түскен кіріс 10 млрд теңгені, теңіз және жағалау көлігінен — 5,3 млрд теңге, ішкі су жолдарынан — 950,7 млн теңгені құрады.
Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері бір жыл ішінде 4,2%-ға өскені байқалады.
Өңірлер бойынша ең үлкен өсуі Қарағанды облысында тіркелді: бір жылда 12,9%. Одан кейін Ақмола (8,2% өскен) және Ақтөбе (7,9% өскен) облыстары.
Тарифтердің ең аз жылдық өсімі елордада тіркелді: 0,3% өскен. Үш өңірде — Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды. Шымкентте баға 10,5%-ға арзандады.