Елімізде Ресейдің кондитерлік зауыты салынады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанда Ресейдің тәтті бәліш, торт және нан өнімдерін өндіретін «Хлебпром» кондитерлік зауытын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info.
Halyq-uni.kz сайтының жазуынша, бұл кәсіпорын Ресейдегі және әлемдегі 100 алып кондитерлік компанияның құрамына кіреді.
Ол жылына 15 мың тонна өнім өндіреді. Кәсіпорын 11 мың шаршы метрге салынады. Құрылысты алдағы 3 жылда салу жоспарланып отыр.
Бұл кәсіпорын еліміздегі тұңғыш тәтті бәліштерді толық әрі көп көлемде өндіретін, автоматтандырылған зауыт болмақ. 2014 жылы осындай өндіріс зауыты Ресейдің Ногинск қаласында жоба ретінде салынған.
Зауыт 2025 жылы іске қосылады. Жаңа жобаға тартылатын инвестиция көлемі – 80 млн АҚШ доллары.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді