00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдайды

Ұлттық банк елдегі банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдай бастайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілері (мысалы, төлем қызметтерінің операторлары) белгілі бір банкнотты қабылдау және беру үшін автоматты құрылғыларды өз бетерінше баптайды. Номиналы 20 000 теңге болатын жаңа үлгідегі банкноттың жаңартылған дизайны мен инновациялық қорғаныс элементтері бар. Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілерінің банкоматтарды жаңа банктоттарды мүлтіксіз қабылдайтындай етіп бейімдеп, конфигурациялау үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін, – деп жазылған Ұлттық банктің редакция сауалына берген жауабында.