00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ұн бір жылда 41%-ға қымбаттады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде ұн бір жылда 41%-ға қымбаттады

Соңғы 6 айда отандық компаниялар дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұнға сұранысты 98,9%-ға  қамтамасыз етті. Осы кезеңде өндіріс көлемі бір жылда 1,2%-ға қысқарды, ал импорт 2,5 есе, бірақ тек 18,8 мың тоннаға дейін өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Экспорт, өз кезегінде, 935,3 мың тоннаны құрап, 24,9%-ға ұлғайды, ал ішкі нарықта өткізу көлемі, керісінше, 20,5%-ға қысқарды.

Тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 4,3%-ға өсті. Бұл 2011 жылдан бастап ұнның айлық қымбаттауының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін ұн бағасының орташа айлық өсуі 0,8%-ды құрады. Алайда, ағымдағы жылы қаңтар–тамыз айларында ұн айына орта есеппен 4% қымбаттады.

Өңірлік бөліністе 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасының ең жоғары айлық өсуі Павлодар (12,8%-ға), Жетісу (12,4% - ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстарында байқалды. Ұн Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында сәл қымбаттады.

Ұзақ мерзімді динамикаға келетін болсақ, ағымдағы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 36,8%- ға, ал бір жыл ішінде бірден 41,4%-ға өсті.

Екі көрсеткіш те барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.