00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өткен айда 2 300-ден астам алтын құйма сатылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Өткен айда 2 300-ден астам алтын құйма сатылды

Биыл тамыз айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 68,6 келі 2 395 алтын құйма сатылды, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық банк дерегіне сілтеме жасап.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,4 тоннаға жуық 101 846 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 26 078 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие – 21 823 дана (21%) сатылған, 5 грамдық құймадан – 21 732 дана (21%), 100 грамдық құймадан – 20 177 дана (20%), 50 грамдық құймадан – 12 036 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылады.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны бірден төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктер жалпы салмағы 395 келі 15 897 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 15,6%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит банкі, сондай-ақ банктік емес жекелеген пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.