Жаңа көліктерге сұраныс өте жоғары – ИИДМ
Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ільяс Оспанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл жерде 2 мәселе бар. Біріншіден, бізде елімізде шығарылатын көліктердің бағасын реттей аламыз. Нәтижесінде басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің бағасы күрт артпады. Ол көліктер қолжетімді болып тұр.
Сұраныс - жоғары. Әр адамның жақсы көретін маркалары болады ғой. Ең басты проблема - диффицит. Өз жұмыс тобымыз бар. Соның шеңберінде жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді І.Оспанов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда қытайлық өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
KIA Corporation компания қанша көлік шығаратынын өзі шешеді. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алайда қазір олар өз көлемдерін жаба алмай отыр. Сондықтан олар көлік санын көп көбейте алмайды. Біз қытайлық өндірушілермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Өйткені тек қана KIA мен Hyundai арқылы халықтың сұранысын жаба алмаймыз. Модельдерді кеңейтуге тырысып отырмыз. Бірақ қазір сұраныс өте жоғары. Себебі адамдар жаңа көлікке көшкісі келеді, - деді комитет төрағасы.