4 өңірде бюджет қаражатының көбі игерілмей қалған
Биыл жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 1,9 трлн теңге бөлінген. Оның 95,6%-і игерілген. Атқарылмағаны – 85 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемдеу, 78 млрд теңге игерілмегені, - деді Е.Жамаубаев.
Ал Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында бюджет қаражаты ең көп игерілмей қалған.
Игерілмеудің негізгі себептері: жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну, - деді министр.