Қазақстанда такси қызметі 11 пайызға қымбаттады
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан такси қызметтерінің арзандығы бойынша елдер рейтингінде 13-ші орында. ТМД елдері арасында Әзірбайжанда такси қызметі қымбаттырақ. Ең арзан такси Пәкістанда, ал Швейцария, Кувейт және Сальвадорда такси қызметі қымбат тұрады.
Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында одан кейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелді. Жыл басынан бері такси қызметін 1,3 млрд жолаушы пайдаланған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,9%-ға артық. Шілде айында такси қызметін 185,6 млн жолаушы пайдаланды.
Шілде айының қорытындысы бойынша ҚР-да таксимен жол жүру құны бір жылда 10,5%-ға қымбаттады. Өңірлік бөліністе бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді: бір жылда 28,2%-ға өсті. Екінші және үшінші орындарда Алматы және Атырау облыстары болды. Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: бар болғаны 0,5%. Тағы екі облыста — Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бағалар бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.