00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуродан астам қаражат береді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуродан астам қаражат береді

Бұл жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және пандемиядан кейін ел экономикасын тұрақты қалпына келтіруге бағытталған. 

Қарыз туралы келісімге Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік директоры Татьяна Проскурякова мен Қазақстан премьер-пинистрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қол қойды.

Бағдарлама бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік сатып алулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы реформаларды қолдайды. Сонымен қатар экономиканы цифрландыруда, қаржы секторын нығайтуда тиімді жағдайлар қалыптастыруға ықпал етпек.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк тобына қосылған 30 жыл ішінде елімізге берілген қаражат көлемі 8,6 млрд АҚШ долларынан асты.