00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұнсыз қалмаймыз»: министр бидай мен ұнның бағасына болжам жасады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Ұнсыз қалмаймыз»: министр бидай мен ұнның бағасына болжам жасады

Ербол Қарашөкеев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында елдегі бидай қоры жеткілікті екенін,тапшылыққа еш негіз жоқтығын айтты.

«Өзіміз санап көрейікші, биыл 13,4 млн тонна бидай жинаймыз. Былтырғы бидайдан 2,5 млн тонна қалдық қалды. Оның ішінде 360 мың тонна бидай «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы қорында тұр. Бидайдың елдегі тұтынылып отырған көлемі – 6-7 млн тонна. Сондықтан алдағы уақытта жиналатын бидай мен қордағы бидайды есептеңіз. Ол тұтынылатын бидайдың көлемінен бірнеше есеге асып тұр. Сондықтан бидай мен ұн тапшылығы болады деуге негіз жоқ», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Жоғары санатты ұнның бағасы өсуі мүмкін мәселене де жауап берді.

«Қазір нарықта бидайдың бағасы арзандап жатыр. Екі-екі жарым ай бұрын бидайдың бағасы 175-180 теңгеге дейін көтерілген еді. Қазір Ресей Федерациясынан бидай экспорты ашылып, елімізге 1,2 млн тонна бидай экспортталады деген болжам болды. Өзімізде және оңтүстікте бидай жинау науқанын бітірдік. Астықты жинап алдық. Қазір солтүстік өңірлерде жаппай астық жинау науқаны басталды. Жоспарымыз дұрыс. Сондықтан бидайдың бағасы 145-150 теңгеге дейін төмендеді. Осыған қарамастан біз «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы тарапынан арзандатылған бидайды өңірлерге жіберіп жатырмыз. Ол әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан жағдай тұрақты. Қазір нарықтың динамикасына қарағанда бидай мен ұнның бағасы сәл төмендейді деп болжам жасап отырмыз. Сондықтан Қазақстандағы бидайдың қоры жеткілікті. Ұнсыз қалмаймыз», - деді Ербол Қарашөкеев.