00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір жылда ұн бағасы қанша пайызға қымбаттады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде бір жылда ұн бағасы қанша пайызға қымбаттады

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік бөліністе ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы кірді.

Жалпы, 2021 жылы өндіріс 3 млн тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,3% - ға аз. Елдің ұн тартқыштары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Мәселен, жарты жыл қорытындысы  бойынша жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ға қамтамасыз етті.

Импорт 2,4 есе өсті, бірақ бұл бар болғаны 14,4 мың тонна. Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жіберілді, бір жыл бұрынғыға қарағанда 36,2%-ға артық. Экспорттың үлесі ресурстардан 58,1% - ды құрады. ТМД елдеріне заттай мәнде 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,1%-ға артық. Ең көп қазақстандық ұн Өзбекстанға жіберілді: 158 мың тонна. 2021 жылғы қаңтар–мамырға қарағанда 17,6%-ға артық. Көшбасшылар үштігіне Түркіменстан мен Тәжікстан да енді.

Ұн бағасы бір жылда 36,6%-ға өсті. Бірінші сұрыпты ұнның килограмы 225 тг, жоғары сұрыпты ұн — 343 тг құрады. Еліміздің ірі қалалары арасында жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 тг), ең төмені Павлодарда (кг үшін 222 тг) байқалды.