00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ішкі нарық құс етімен толықтай қамтамасыз етіледі

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде ішкі нарық құс етімен толықтай қамтамасыз етіледі

ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров былтыр 8 құс фабрикасы пайдалануға берілгенін айтты.

2025 жылға қарай құс еті бойынша импортты толықтай отандық өніммен алмастыру жоспарланған. Бұл тұрғыда жаңа құс фабрикалары салынып, қазір қолданыста тұрғандары жаңғыртудан өтеді. Жобалардың жалпы құны 40 млрд теңгені құрады. Ал жаңадан құрылған жұмыс орындары 500-ге жуықтаған, - деді Айдарбек Сапаров.

Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов еліміздің бірнеше өңірінде фабрикалар салынып жатқанын айтты.

Менің ойымша, алдағы екі-үш жылда құс етімен ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, үйрек пен қаз өсіретін шаруашылықтар да елімізде біртіндеп дамып келе жатыр. Ал құс жеміне келетін болсақ, елімізде құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнының 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады. Қазір құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті , - деді Руслан Шәріпов.