00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда күріш өндірісі 2 пайызға қысқарды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстанда күріш өндірісі 2 пайызға қысқарды

Energyprom.kz мәліметі бойынша биыл күріш өндірісі 1,9 пайызға қысқарған. Өңірлік бөліністегі барлық өндіріс Қызылорда облысына тиесілі. Негізгі күріш өсіру өңірінен басқа, Алматы және Түркістан облыстарында да өсіріледі. Екі өңірде де өнім шығару көлемінің төмендегені байқалады.

Биыл күріш өндірісінің айтарлықтай қысқаруы Сырдариядағы су деңгейінің төмендеуі себеп болды. Күріш егу көлемінің 11 мың гектарға қысқарды.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі. Ең көп көлем Ресейге жеткізіледі. Көшбасшылар үштігінде Тәжікстан мен Украина да бар.

Еліміздің ірі қалалары арасында күрішке ең жоғары баға Астанада белгіленеді, бір келісі 537 теңге. Одан кейін Ақтау, Қарағанды және Павлодар қалаларында баға жоғары. Ең арзан күріш бағасы Петропавлда сатылады, бір келісі 302 теңге тұрады.