00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қант тапшы»: «Рахат» фабрикасы тәттілердің бір бөлігін өндіруді тоқтатты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қант тапшы»: «Рахат» фабрикасы тәттілердің бір бөлігін өндіруді тоқтатты

Біз жыл сайын өнім тізбегін кеңейтіп жатырмыз. Биыл шоколадқа көңіл бөлеміз. Өйткені ол кейбір тәттілерге қарағанда қантты азырақ қажет етеді. Қазір бізде барбарис пен ирис кәмпиттері сұранысқа ие болғанымен өндірілмейді. «Барбарис» дәстүрлі, дәмді, бірақ қант мөлшері өте жоғары өнім. Біз қантты көп қажет ететін барлық тәттілерден бас тарттық. Өйткені олардың өндірісіне қажетті қант мөлшері жоқ. Шымкенттегі зауыт әлі тоқтап тұр. Бірақ маусымның ортасында қажетті өндіріс көзі жеткізіліп, жұмысты жалғастырамыз, - деді басшы.

Ол зауыттарға қажетті шикізатты отандық тауар өндірушілерден алуға болатынын, бірақ олар нарық сұранысының 30 пайызын ғана өтейтінін түсіндірді. Айтуынша, Ресей экспортқа тыйым салды, ал басқа елдерден импортталатын тауарларға акциз салынады. Шикізаттың әр тоннасы 35% қымбаттады.

Еліміз бұған дейін қантты Ресейден бажсыз алып жүрді. Ал экспорт жабылған кезде оны апаратын жеріміз болмады. Біз қазір жергілікті өндірушілерде бардың бәрін сатып алып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қазір жергілікті өндірушілердің дәурені жүріп тұр. Олар бар күшімен жұмыс істеуде, - деді кәсіпорын басшысы.

Үкімет осыны қолға алуы керек. Өндірушілерге жағдай жасасақ, олар барлық ішкі қажеттіліктерді өтейді деп ойлаймын. Үкімет бізге бажсыз импортқа квота береді, бірақ 120 мың тонна қажеттілік болған кезде 1600 тоннаны ғана әкелуге рұқсат етілді. Өкінішке орай, бұл аздық етеді, – дейді кондитер фабрикасының басшысы.

Қазір біз қантты Қазақстандағы барлық зауыттардан сатып аламыз. Сонымен қатар Бельгиядан үнді қантын импорттаймыз. Біздің өндірушілердің де жұмысы бар, өйткені олардың өнімдерінің сапасы көп нәрсені талап етеді, - деп түйіндеді Константин Федорец.