Тамақ өнімдерінің бағасы айтарлықтай өседі
2022 жылдың екінші жартысында олардың көтерілуіне, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер жағдайында нарықтық қызметтердің бағасын өсіруге мораторий қолданысының аяқталуына байланысты реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының күрт өсуінің елеулі тәуекелдері бар, – деп қысқа қайырды Ұлттық банктен.
Бұл болжам Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін ескере отырып қалыптастырылды, оны табысты іске асыру инфляцияның болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуіне мүмкіндік береді.
2023 жылы инфляция 2022 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асыру жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды. 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады, бұл ретте оның жоғарғы шегіне қарай баяулайтыны болжанып отыр, – деп түсіндірді еліміздің бас қаржы институты.