Қазақстанға қай елдерден ақша жиі аударылады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы көрші елден Қазақстанға 4,56 млрд теңге жіберілсе, қаңтарда бұл көрсеткіш 1,62 млрд теңге деңгейінде болған. Осылайша, үш айдағы өсім 181,4 пайызды құрады. Ақпан айында да белсенділік байқалды – ол кезде Ресейден 2,22 млрд теңге аударылған. Салыстыру үшін айта кетсек, 2021 жылдың наурыз айында Ресейден біздің елімізге 5,27 млрд теңге аударылған болатын.
Ең көп ақша аударған елдердің бестігіне Өзбекстан (4,32 млрд теңге), Корея Республикасы (3,58 млрд теңге), АҚШ (3,73 млрд теңге) және Қырғызстан (2,41 млрд теңге) кіреді. Бұл операцияларда қолданылатын негізгі валюта – АҚШ доллары.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді
17 қараша, 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады