00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Цифрлық теңге енгізу туралы шешім жыл соңына дейін қабылданады – Ұлттық Банк

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Цифрлық теңге енгізу туралы шешім жыл соңына дейін қабылданады – Ұлттық Банк

Ұлттық банк бұл мәселені біраз зерделеді. Халықаралық валюта қорымен, дамыған елдердің орталық банктерімен тығыз ынтымақтасамыз, жақында ғана біздің команда Халықаралық валюта қорының көктемгі отырыстарына Вашингтонға барып, атқарылған жұмыстарды таныстырды, жоспарлар туралы айтты, – деді Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банкте өткен брифингте. 

Оның айтуынша, әлі де шешуді қажет ететін техникалық мәселелер бар.

1 шілдеге дейін біз цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдайтын әдістемені бекітеміз. Ал бұл жобаны техникалық жағынан жүзеге асыру үшін уақыт қажет. Сондықтан жұмыс жалғасуда, – деп қорытындылады Ұлттық Банк басшысы.