00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қытайдағы қатаң карантин салдарынан мұнай бағасы төмендеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қытайдағы қатаң карантин салдарынан мұнай бағасы төмендеді

Мұнай бағасы екі аптада екінші рет барреліне 100 доллардан төмен түсті. Бұл жағдай Ресейге қарсы санкциялар мен ОПЕК-тің мұнай нарығын бақылау әрекетінен туындаған құбылмалылыққа қарамастан орын алып отыр.

Лондонда саудаланып отырған Brent маркалы мұнай эталоны дүйсенбі күні сағат 12:15-те барреліне $100,06-ға дейін 6,09 долларға немесе 5,7%-ға арзандады. Оның бағасы өткен аптада төмендей бастап, 4,5%-ды құрады.

Украинадағы әскери әрекеттерден кейін екі аптадан соң, яғни 7 наурызда 139,15 долларға көтерілді және бұл мұнай өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші ретінде тіркелді. Бүгінгі мұнай бағасы осы өсімнен кейінгі ең төмен көрсеткіш болып отыр.

Нью-Йоркте WTI маркалы мұнай бағасы 5,91 долларға немесе 5,8%-ға арзандап, 96,16 долларды құрады. Brent сияқты, WTI маркасы да өткен аптада 4,5% төмендеп, бір айда 4% жоғалтты. 7 наурызда WTI маркалы мұнай бағасы 130,50 долларға дейін көтерілген.

Мұнайдың екі маркасы да өткен аптада шамамен 5% төмендегеннен кейін ең төменгі жабылу деңгейге жақын болды. Баға наурыздың басында 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейден шамамен 25%-ға төмендеді.