Бюджеттің кіріс бөлігі 1,1 трлн теңгеге ұлғаяды
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қайта қарау аясында кедендік, салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескерсек, биыл кірістер 9,2 трлн теңгеден 10,2 трлн теңгеге дейін өседі, - деді Татьяна Савельева Парламентте жаңа заң жобасын таныстыру барысында.
Оқи отырыңыз: Әділет министрі үш партия тіркеуге құжат тапсырып жатқанын айтты
Оның мәліметі бойынша, биыл бензин мен дизельдің акцизін көтеруді көздейтін түзетулер енгізілген.
Бұл шара аясында Павлодар, Атырау облыстары мен Шымкент қаласынан 161,8 млрд теңге түседі. Осылайша бюджеттің түсімдері 1,1 трлн теңгеге артады. Ал шығыс бөлігін орындау үшін қосымша 2,7 трлн теңге қажет болады. Осыған байланысты Президенттің мақұлдауы бойынша Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге кепілдендірілген трансферт тарту ұсынылып отыр. Жалпы биыл Ұлттық қордан бюджетке алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 4 трлн теңге деп белгіленген. Жыл аяғына қарай Ұлттық қордың түсімдері мен шығыстары жағымды теңгерімге келеді, - дейді министр.