00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды

Комиссия құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржы мониторингі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді.

Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады.

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда Қаржы министрі Е. Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Б. Дембаев және т. б. баяндама жасады.

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.