«Бозоқ» музей-қорығы Наурыз мерекесіне орай этнографиялық іс-шара өткізді
Оған жетекші отандық ғалымдар мен Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты. Мерекелік жиында баланың алғашқы қадамдарымен байланысты тұсаукесер дәстүрі өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға арнаған жаңажылдық Жолдауында 2022 жыл – балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің кемел болашағының сенімді кепілі. Тұсау кесетін адамның әрекеті жеңіл, жылдам болуы маңызды. Шақырылған қонақтар арасында ең құрметті, жас, денсаулығы мықты, әдемі, жігерлі және құрметті адамдар таңдалды, - деп жазылған музей-қорықтың хабарламасында.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., доцент Ұлан Үмітқалиев және Ә. Марғұлан атындағы Археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Сәкенов Әмір және Фараби есімді балалардың тұсауын кесті.
Балалардың алдына домбыра, кітап, ақша, ойыншық және кілттер қойылды. Сондай-ақ «Жол таңдау» рәсімі, өмірлік бағдарды таңдау өткізілді. Домбыраны таңдау – адамның шығармашылыққа бейім болатынын, ал кітап – білім, ақылды, ақша – өркендеуді және кілттер – әл-ауқатты білдіреді.
Ұлан Үмітқалиұлы балалардың өмірлері алғашқы қадамдардан бастап жақсы болсын деп бата берді.