Ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдардың аяқтан тұруына көмектесетін имплантат ойлап тапты
Жаңа әдістің клиникалық сынақтары үш жылдан соң басталады. Болашақта бұл жаңалық омыртқасы зақымданған науқастардың қайтадан аяқтан тұрып, қозғалуына мүмкіндік береді.
Имплантатты жасап шығару үшін ғалымдар науқастың ішінен аздаған май тіндерін алған. Бұл тінде, адам ағзасындағы басқа да тіндер секілді, коллаген және қант тәрізді заттардан тұратын жасушаішілік матрикстер мен жасушалар бар. Жасушаларды жасушаішілік матрикстерден ажыратқан соң, ғалымдар гендік инженерия көмегімен жасушаларды қайта бағдарламалап, эмбрионның бағана жасушасын еске түсіретін қалыпқа қайта алып келді. Бұдан соң пробиркада жұлын өсіріледі.
Тышқандарға үш адамның жасушаларынан өсірілген имплантаттар қолданылған. Адамдарға келгенде, ғалымдар сол науқастың өзінің биоматериалдарын пайдаланады. Бұл адамның иммунитетін баспастан трансплантация жасауға мүмкіндік береді.
Имплантатты салған соң ұзақ уақыт сал болып келген тышқандардың 80%-ына жүру қабілеті оралған.